Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Қызылорда облысы

Қызылордалық жасөспірімдер 3 дүркін республика чемпионы

Қызылордалық жасөспірімдер  3 дүркін республика чемпионы

Қызылорда облысының жасөспірімдер командасы волейболдан тағы да үшінші рет республикасының чемпионы атанды.

Қызылорда облысының жасөспірімдер командасы волейболдан тағы да үшінші рет республикасының чемпионы атанды.
Павлодар қаласында волейболдан 2005-2006 жылдары туылған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаты өтті. Айтулы жарысқа Қызылорда облысынан жасөспірімдер командасы қатысып, жерлестеріміз табысты өнер көрсетті.
Республиканың барлық облыстарынан бақ сынасқан дүбірлі додада Қызылорда облысының командасы жеңімпазы атанса, Талдықорғанның «Жетісу» командасы 2-орынға ие болды. Ал, үшінші орын Жамбыл облысының командасына бұйырды.
Қызылорда командасы құрамында Нұржігіт Шамау, Руслан Қалдыбек, Бағлан Қалдыбек, Бекарыс Досмағамбет, Нұрболат Шаймерден, Диас Дүйсенбай, Жанарыс Әлден, Рауан Еркін болып, алғашқы топтықсайыста Орал, Ақтөбе, Тараз, Өскемен командаларын басымдықпен жеңді.
Жартылай финалда Жамбыл облысы командасынан басым түсіп, финалда «Жетісуды» жеңіп, чемпион атанды.
Спортшыларды бұл жарысқа жас­өс­­пірімдер құрамасының бас жаттық­­тырушысы Өтепберген Әбдіраманов пен Мұрат Мұхамадиев дайындады.
Қызылорда облысында волейбол спортына енді ғана көңіл бөлініп, дамып келеді. Дегенемен волейбол топтары аз, бәсекелестік төмен. Себебі  мемлекет тарапынан қаржы мардымсыз ғана бөлінеді. Тіпті жас спортшыларды арнайы спорт киімдерімен де қамти алмай отырған жайы бар. Соған қарамастан, волейбол спортын насихаттап, мардымсыз айлықпен жасөспірімдерді бір жылдың ішінде осындай жетістікке жеткізу Қызылорда командасының тренері  Мұрат Мұхамәдиев пен Шиелі командасының тренері Өтепберген Әбдрамановтың нағыз ерен еңбегі  емес пе. Өйткені, 16 облыс командалары арасында өткен республикалық жарыста Қызылорда жасөспірімдер командасы үш рет қатарынан «Қазақстан чемпионы» атанды.   Яғни,  жарысқа барған команда құрамында Қызылорда командасынан 4 спортшы, Шиелі ауданының «Телікөл» ауылынан 6 спортшы Қызылорда облысының тарихында болмаған үш дүркін «Республика чемпионы» атанып отыр.
 

басқа жаңалықтар