Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Қызылорда облысы

Биыл Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінде қандай өзгерістер болды?

Биыл Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінде қандай өзгерістер болды?
Биыл Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінде көптеген өзгерістер болды. Осыған орай еліміздің зейнетақы жүйесінің жұмысы туралы кеңірек білу үшін біз «БЖЗҚ» АҚ -ның Қызылорда облыстық филиалының жетекші маманы Джалбирова Эльмира Кәрісбекқызын әңгімеге тартқан болатынбыз.
-      Эльмира Кәрісбекқызы,жинақтаушы зейнетақы жүйесінде 2018 жылдың қаңтар айынан бастап міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасатын төлемдерге келетін болсақ, ай сайынғы төлемнің мөлшерін қалай есептелінетіні туралы айта кетсеңіз?
-      Ай сайынғы төлемнің мөлшерін есептеу үшін зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффиценттерінің кестесі пайдаланылады. Бұл кесте Қазақыстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген. Соған байланысты ай сайынғы төлемнің мөлшері алушының жасы мен жеке зейнетақы шотындағы қаражаттың сомасына тікелей байланысты. Ол дегеніміз, алушының жасына қарай зейнетақы жинақтарының сомасы тиісті коэффициентке көбейтіліп, 12 айға бөлінеді. Одан шыққан сома Қордың төленетін ай сайынғы зейнетақы төлемдері болып саналады.
-      Келесі мәселе, бұл өздігінен жүріп-тұра алмайтын мүгедек кісілер жайлы. Атап айтқанда денсаулығына байланысты Қор кеңсесіне келе алмайтын жандарға қандай қызмет түрлері қарастырылған?
-      Кімде-кім қандай да бір себептермен, әрине денсаулығына байланысты Қор кеңсесіне келе алмайтын жағдайда болса, Қор қызметкерлері өздері барады немесе «Мобильдік агент» қызметіне тапсырыс бере алады. Бұл үшін Қордың байланыс орталығына телефон шалу немесе Қор сайтының «Электрондық қызмет көрсету» бөлімінің «Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтары үшін электрондық өтініш беру» нысаны арқылы өтінім бере алады және де электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) өзекті кілті бар болса, соның көмегімен шарт жасаудан бастап, зейнетақы төлемдерін алуға дейін зейнетақы қызметтерінің барлық түрін алуға болады.
-      Қазіргі таңда халық арасында жеткілікті түрде қаражат жинаса,зейнеткерлікке ерте шығуға болады деген – әңгімелер тарауда, сол қауесет қаншалықты рас?
-      Әлемнің көптеген елдерінде зейнетақы қорына қаражат жинақтаушы азамат, зейнетке шықпай ақ ол қаражатын өзінің жеке мақсаттарына жұмсауына толық құқығы бар. Бізде Қазақстанда ол рұқсат етілмеген. Негізгі зейнетақы жинақтарын реттеуші Ұлттық банктің уәжі келесідей, біздің халықтың қаржылық сауаттылығы төмен болуына байланысты. Олар жиналған қаражатын қалай алуға мүмкіндігі бола қалса болды, алып құртып үлгереді, соңында қарт кезіне еш жинақ қалмай қалады деген негізгі аргументтері бар.

басқа жаңалықтар